Инвесторларға кедергі келтірген салық қызметкерлері айыппұл төлеуге мәжбүр болды
Шымкентте инвесторлардың банк шоттарына қойылған шектеулерді уақытында алып тастамаған төрт салық қызметкері әкімшілік жауапқа тартылды. Олардың біріне 216 мың теңгеден астам айыппұл салынды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Шымкент прокуратурасының мәліметінше, салық органдары «White Fellow-Deer» ЖШС-ның шығыс операцияларын тоқтату туралы шешім шығарғаны белгілі болған.
Кейін компания корпоративтік табыс салығы бойынша қосымша есептілік тапсырып, салық органының талабын орындаған.
Заң бойынша салық органы шектеуге себеп болған жағдайлар жойылғаннан кейін әкімшілік актінің күшін бір жұмыс күнінен кешіктірмей жоюға міндетті. Алайда Шымкент қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті инвестордың шоттарындағы операцияларды қайта жүргізуге төрт айдан кейін ғана рұқсат берген.
Осы жағдайға байланысты кінәлі қызметкер әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 173-бабы бойынша жауапқа тартылып, оған 216 250 теңге айыппұл салынды.
Бұдан бөлек, инвесторлардың банк шоттарына қойылған шектеулерді уақытында алып тастамаған тағы үш салық қызметкері де әкімшілік жауапқа тартылды.
Тағы да оқыңыз: Инвесторды заңсыз жазаламақ болған департамент қызметкері айыппұл арқалады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026