Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

VietJet Air Ханой – Алматы – Прага жаңа әуе бағытын ашты

kz.kursiv.media

VietJet Air Ханой – Алматы – Прага жаңа әуе бағытын ашты

Вьетнамдық VietJet Air әуе компаниясы Ханой – Алматы – Прага бағыты бойынша тұрақты рейстерді іске қосты, деп хабарлайды Kursiv.media.

Жаңа бағыт бойынша Airbus A330 ұшақтары аптасына екі рет қатынайды. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасының өкілдері айтты.

«Әуе еркіндігінің бесінші дәрежесі құқығының арқасында жолаушылар бүкіл бағыт бойынша ғана емес, Алматы мен Прага арасында жеке ұша алады», – делінген ақпаратта.

Жаңа бағыттың ашылуы Алматының халықаралық әуе байланысын кеңейтіп, Еуропа мен Оңтүстік-Шығыс Азиядан келетін саяхатшылар үшін қаланың көліктік қолжетімділігін жақсартпақ. Туризмін дамытуға қосымша мүмкіндік береді.

2025 жылы Алматыға келген Вьетнам туристерінің саны алдыңғы жылмен салыстырғанда 20%-ға артқан.

Айта кететін жайт, Flydubai Алматы мен Дубай арасында жүк тасымалдай бастаған болатын.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар