Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан Ресейден құс өнімдерін әкелуге рұқсат берді

kz.kursiv.media

Қазақстан Ресейден құс өнімдерін әкелуге рұқсат берді

Қазақстан ресейлік құс шаруашылығы өнімдерін жеткізуге қатысты кейбір шектеулерді алып тастады. 8 қазаннан бастап елге Мәскеу және Иркутск облыстарынан құс өнімдерін әкелуге қайта рұқсат етілді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

АРК жаңалықтарының мәліметінше, шешімді Қазақстан Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті қабылдаған.

«Енді Мәскеу және Иркутск облыстарынан құс шаруашылығы өнімдерін Қазақстанға қайтадан әкелуге болады. Сондай-ақ бұл өнімдерді ел аумағы арқылы транзитпен өткізуге де рұқсат етілді. Тек жұмыртқа әкелуге әлі де тыйым салынады», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, аталған тауарларды елге кіргізуге тыйым қыркүйек айында салынған еді. Шектеулер 19 қыркүйекте күшіне еніп, еттің кейбір түрлерін, сүт өнімдері мен жем-шөпті де қамтыған.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Қазақстан ішкі нарықты отандық құс етімен толық қамтамасыз етуді жоспарлап отырғанын айтқан еді. Осыған байланысты Қазақстан құс еті импортынан толық бас тартуды көздеп отыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
13 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар