Қазақстанда транзиттік жүк тасымалы 13,1 пайызға өсті
Қазақстанда биылғы тоғыз айда транзиттік жүк тасымалының көлемі 13,1 пайызға өсіп, 32,6 млн тоннаға жетті. Көлік және қоймалау саласының жалпы өнім көлемі де артып, 9,6 трлн теңгені құрады. Бұл туралы Үкімет отырысында көлік вице-министрі Мақсат Қалиақпаров мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, есепті кезеңде көлік және қойма қызметтерінің нақты көлем индексі 107,2 пайыз болды. Ал жалпы өнім көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,3 пайызға өсті.
Тоғыз айда теміржол көлігімен 241,7 млн тонна жүк тасымалданды. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 3 пайызға көп. Автомобиль көлігімен тасымалданған жүк көлемі 270,4 млн тоннаға жетіп, 5,6 пайызға өсті.
Сонымен қатар отандық әуе компаниялары 12,4 млн жолаушы тасымалдады. Бұл көрсеткіш бір жылда 4,2 пайызға артқан.
Тағы да оқыңыз: Тоқаев: Алдағы 14 жылда Каспий арқылы жүк тасымалы 4 есе өседі
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
13 қазан 2026