Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Челси» Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапында ойнауына рұқсат бермеді

kz.kursiv.media

«Челси» Дастан Сәтбаевтың «Бернли» сапында ойнауына рұқсат бермеді

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтбаев Англия Чемпионшипіндегі «Бернли» мен «Чарльтон» арасындағы матчқа қатыcпады. Оған футболшының құқығын иеленетін лондондық «Челси» клубы рұқсат бермеген, деп хабарлайды Kursiv Media.

Бұл туралы Burnley Express басылымының журналисі Мэтт Скрафтон жазды.

«Никки Хайен жаңа ғана «Челсидің» Дастан Сәтбаевқа бүгін кешке ойнауға рұқсат бермегенін айтты. Сондай-ақ Зеки Амдуни тобығындағы жарақатына байланысты 4–6 аптаға қатардан шықты. Бір қиындықтың артынан екіншісі келді», – деп жазды журналист.

Nicky Hayen has just revealed that Chelsea didn’t allow Dastan Satpayev to play tonight.Zeki Amdouni is also facing 4-6 weeks out with his ankle injury.It never rains, but it pours…#twitterclarets— Matt Scrafton (@matt_scrafton)

Алайда «Челсидің» қазақстандық футболшыға не себепті ойнауға рұқсат бермегені әзірге белгісіз.

«Бернли» мен «Чарльтон Атлетик» арасындағы кездесу 2:2 есебімен аяқталды. Алаң иелері ойынның 96-минутында гол жіберіп алып, жеңісті уысынан шығарып алды.

Дегенмен бір ұпай еншілеген команда Чемпионшиптің турнирлік кестесінде төменгі үштіктен шығып, 21-орынға көтерілді.

Айта кетейік, Дастан Сәтбаев бұған дейін жарақатынан кейін алаңға оралып, «Уотфордқа» қарсы кездесуде қосалқы құрамнан ойынға қосылған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар