«Шин-Лайн» Алматы облысында 1,5 млрд теңгеге жаңа тамақ өнеркәсібі хабын ашты
Белгілі балмұздақ өндіруші Shin-Line Group компаниясы Алматы облысында тамақ қоспалары мен хош иістендіргіштер шығаратын зауытты іске қосты. Өндіріс орны Қазақстан экономикасына 300 миллиард теңгеге дейін инвестиция тартуға және отандық шикізатты өңдеуді жақсартуға бағытталған, деп хабарлайды Kursiv Media.
Кәсіпорын отандық сусын, кондитерлік өнімдер, снектер және ет өнімдерін өндірушілерді қажетті ингредиенттермен қамтамасыз ететін болады.
Зауыттың ауданы 3 мың шаршы метрді құрайды, ал өндірістік қуаты – жылына 8 мың тоннаға дейін өнім шығаруға қауқарлы.
Кәсіпорын Shin-Line Group компаниясының Қазақстанда тамақ кластерін құру жөніндегі стратегиялық жобасы аясында іске қосылды. Бұл жоба елдің тамақ өнеркәсібіне 300 млрд теңгеге дейін шетелдік инвестиция тартуды көздейді. Бұл ретте зауыттың өзіне тартылған тікелей инвестиция көлемі 1,5 млрд теңгені құрады.
Кәсіпорында жаңа дәм түрлерін талдау және әзірлеу үшін жеке ғылыми-зерттеу зертханасы жұмыс істейді. Өндірісте әлемнің түрлі елдерінен, соның ішінде Франция, Италия, Германия, Үндістан және АҚШ жеткізушілерінен алынатын 3 мың ингредиент қолданылады.
«Segmenta зауытының ашылуы – бірыңғай кластер базасында жоғары өңделген өнімнің жоғары технологиялық өндірісі қалай құрылатынының жарқын үлгісі. Кооперация, озық халықаралық тәжірибені тарту және негізгі ингредиенттер өндірісін оқшаулау есебінен біз өңірді дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашып қана қоймай, Қазақстанның тамақ индустриясын халықаралық деңгейге шығарамыз», – деп атап өтті Shin-Line Group президенті Андрей Шин.
«Шин-Лайн» компаниясы жоба Shin-Line мен Segmenta серіктестігі аясында жүзеге асырылып жатқанын хабарлады. Shin-Line тарапынан жер телімі мен қажетті инженерлік коммуникациялар берілсе, зауыт құрылысы серіктестің инвестициялық қаражаты есебінен жүргізілді.
Айта кетейік, Segmenta компаниясы ресейлік «Олвин» ЖШҚ-на тиесілі. Ол Allwin брендімен тамақ ингредиенттері, сондай-ақ ет, балық және тамақ өнеркәсібінің басқа да салаларына арналған дәмдік-хош иісті шешімдер нарығындағы жетекші ойыншылардың бірі.
Бұған дейін «Шин-Лайн» серіктестігі базасында «Шин-Лайн Инжиниринг» компаниясы құрылатанын жазған едік. Кәсіпорын корей балмұздақтарын шығарумен айналысады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қазан 2026