Букмекерге 300 мың теңге аударғандарды банк «ақша жылыстатушы» ретінде тануы мүмкін
Қазақстанда лудоманиямен күрес күшейіп, құмар ойындарға ақша жұмсайтын азаматтар үшін несие алу тәртібі қатаңдай түспек. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі заңнамалық актілерге маңызды түзету енгізді.
Егер азамат соңғы алты айда құмар ойын ұйымдастырушыларына жалпы сомасы 300 мың теңгеден асатын үш немесе одан да көп рет ақша аударса, я болмаса бір ретте 500 мың теңгеден астам төлем жасаса, банк оны «күдікті/ақшаны жылыстату тәуекелі жоғары» клиенттер тізіміне жатқызады.
Банктер Қазақстанда лицензиясы жоқ онлайн-казинолар мен шетелдік букмекерлік кеңселердің пайдасына жасалатын кез келген төлемдерді автоматты түрде анықтап, толығымен бұғаттауы тиіс.
Мұндай азаматтар микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) өтініш бергенде, олардың табысы тек ресми дереккөздер арқылы ған анықталады.
Яғни, қосымша немесе ауызша айтылған кірістер есепке алынбайды. Бұл несие беруден толық бас тартылады деген сөз емес, бірақ табысты растау талабы мейлінше қатаңдайды.
21 жасқа толмағандар мен АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алатындарға қарыз берерде МҚҰ олардың да тек ресми кірісін ғана есепке алады. Несие төлемін 90 күннен артық кешіктірген қарыз алушылар үшін борыш жүктемесінің шекті деңгейі екі есеге азайтылады.
2024 жылы ойын бизнесі, лотерея қызметі және лудоманияға қатысты заң жобасына қол қойылған. Соған сәйкес, құмар ойындарға/бәс тігуге қатысуына тыйым салынатын адамдар санатының тізімі кеңейген.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қазан 2026