Юсуф Ашрапов грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы екінші алтын медалін жеңіп алды. Грек-рим күресінен Юсуф Ашрапов әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Kursiv Media.
72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан финалда Армения өкілі Гаспар Тертерянмен белдесті.
Шешуші кездесуде қарсыласынан басым түскен Юсуф Ашрапов алтын медаль иеленіп, Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды.
Бұған дейін грек-рим күресінен Айбек Айтбеков те әлем чемпионы атанған еді. Ол 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Әзербайжан балуаны Эльмир Әлиевті жеңді.
Осылайша, Қазақстанның грек-рим күресі құрамасы Лас-Вегастағы U23 әлем чемпионатында әзірге екі алтын медаль жеңіп алды.
Оқи отырыңыз: Дзюдодан әлем чемпионатының туы Қазақстанға табысталды
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қазан 2026