Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы танымал мектепте 50-ге жуық бала уланды

kz.kursiv.media

Алматыдағы танымал мектепте 50-ге жуық бала уланды

Алматыда Республикалық физика-математика мектебінің (РФММ) 47 оқушысы ішек инфекциясына ұқсас белгілермен ауруханаға түсті деп жазады Kursiv Media.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, балалар 12 және 13 қазанда жатқызылған, қазір дәрігерлердің тұрақты бақылауында. Тағы сегіз бала мектеп-интернатта оқшауланып, медициналық бақылауға алынған. Оқушылар жаппай уланды деген күдік бар, бірақ нақты себептер әлі анықталмады.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мектеп-интернат пен асхананың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Мамандар балалардың неден ауырғанын анықтау үшін тексеру жүргізіп жатыр. Зертханаға қажетті сынамалар алынып, инфекцияның нақты көзі анықталмақ.

Айта кетейік, Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебі 1972 жылы құрылған. Мұнда оқушылар математика мен физиканы тереңдетіп оқиды. Мектеп-интернатқа еліміздің әр өңірінен балалар конкурстық іріктеу арқылы қабылданады.

Мектепте тамақтану кезінде улану оқушылар арасында бұған дейін тіркелген. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы жеті айында білім беру нысандарында 13 бала тамақтан уланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар