Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев: Бельгия Қазақстан экономикасына 15 млрд доллардан астам инвестиция салды

kz.kursiv.media

Тоқаев: Бельгия Қазақстан экономикасына 15 млрд доллардан астам инвестиция салды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Бельгия королі Филипп Қазақстан-Бельгия іскерлік кеңесінің төртінші отырысына қатысты, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Мемлекет басшысы соңғы 20 жылда бельгиялық компаниялар Қазақстан экономикасына 15 млрд доллардан астам инвестиция салғанын айтты.

Президенттің сөзінше, Бельгия Қазақстанның ірі 10 инвесторының қатарына кіреді. Екі ел арасындағы сауда көлемі биылғы сегіз айда шамамен 10%-ға өскен. Қазақстанда агроөнеркәсіп, медицина, фармацевтика, энергетика және технология салаларында 100-ден астам бельгиялық және бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді.

Тоқаев екіжақты ынтымақтастықты кеңейтудің негізгі бағыттары ретінде көлік-логистика, жасанды интеллект, энергетика және мұнай-химия салаларын атады. Сондай-ақ Қазақстан мен Бельгия арасындағы аса маңызды минералдарды өндіру және өңдеу саласындағы серіктестіктің әлеуетіне тоқталды.

Мемлекет басшысы Қазақстанның Еуропа өнеркәсібіне қажетті 34 шикізат түрінің 21-ін өндіретінін атап өтті. Оның айтуынша, елдің табиғи ресурстары мен Бельгияның технологиялық мүмкіндіктерін ұштастыру қосылған құны жоғары өнім өндіруге жол ашады.

Сонымен қатар Тоқаев медицина және фармацевтика салаларындағы ынтымақтастықты дамытуға шақырды. Атап айтқанда, IBA компаниясымен серіктестік Қазақстанда протонды терапияға қолжетімділікті арттырып, онкологиялық ауруларды емдеу бағытындағы мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.

Президент Бельгия компанияларын Қазақстанда өндіріс орындарын ашуға және бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға шақырды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар