Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған такси жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

kz.kursiv.media

Астанада жолаушыға әдепсіз ұсыныс жасаған такси жүргізушісі 10 тәулікке қамалды

Астанада 42 жастағы жүргізуші жолаушы қызға әдепсіз ұсыныстар жасағаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Оқиға туралы елорда тұрғыны әлеуметтік желіде жазған. Оның айтуынша, сапар кезінде жүргізуші интимдік сипаттағы сұрақтар қойып, жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған. Бұған қоса, ол қызды белгіленген бағытпен емес, басқа жолмен алып жүрген.

Жолаушының сөзінше, жүргізушінің әрекетінен қорыққан ол көлікті тоқтату үшін сылтау ойлап тауып, құрбысына қоңырау шала бастаған. Осыдан кейін жүргізуші сабасына түсіп, жолақысын төлеуді сұраған.

Әлеуметтік желідегі жазбадан кейін полиция қызметкерлері 42 жастағы жүргізушіні анықтаған.

13 қазанда Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жүргізушіге қатысты ұсақ бұзақылық жасау дерегі бойынша істі қарады.

«К.-ның әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны іс материалдарымен, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамамен, өзінің кінәсін мойындаған түсініктемесімен, полиция инспекторының дәлелімен, сондай-ақ жәбірленушінің түсініктемесімен расталады», – деп хабарлады сот.

Сот қаулысымен жүргізуші 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар