Қар, көктайғақ және үсік: 15-18 қазанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК 15, 16 және 18 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, елдің басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Kursiv.Media.
15 қазанда елдің шығысы мен оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын болжанады. Елдің шығысында көктайғақ болады. Тек республиканың орталығы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
16–17 қазанға қараған түндері елдің оңтүстік-шығысында 1–2 градус үсік жүреді. Республика бойынша желдің күшеюі, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.
Елдің батысында ауа райы түнде +7…+15°С-қа дейін, күндіз +17…+25°С-қа дейін төмендейді;
Ақтөбе облысында түнде +1…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −1…−3°С, күндіз +15…+23°С-қа дейін төмендейді;
Қостанай облысында түнде −1…−6°С-қа дейін төмендейді, күндіз ауа температурасы +12…+17°С-тан +10…+15°С-қа дейін аздап құбылады;
Елдің солтүстігінде түнде −3…−8°С-қа дейін төмендейді, 17 қазаннан бастап 0…+8°С-қа дейін жоғарылайды. Күндіз ауа температурасы аздап көтеріліп, +7…+12°С болады;
Ұлытау облысында түнде ауа температурасы негізінен 0…+6°С, өңірдің солтүстігі мен шығысында −3°С болады. Күндіз +10…+20°С күтіледі;
Қарағанды облысында түнде ауа температурасы негізінен −1…−8°С, өңірдің оңтүстігінде +3°С болады. Күндіз біртіндеп +10…+15°С-қа дейін жоғарылайды;
Елдің шығысында түнде ауа температурасы −1…−6°С-тан −3…−11°С-қа дейін аздап төмендейді. Күндіз негізінен +3…+12°С, өңірдің шығысында −2°С болады;
Республиканың оңтүстігінде түнде ауа температурасы +2…+10°С-қа дейін, күндіз +15…+25°С-қа дейін аздап төмендейді;
Елдің оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы 0…+8°С-қа дейін, таулы аудандарда −2…−7°С-қа дейін төмендейді. Күндіз ауа температурасы +12…+22°С-тан +10…+18°С-қа дейін аздап құбылады.
- Соңғы
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
- Қазан, 13
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
14 қазан 2026