11 полицей ауруханада: Франциядағы оқушылар көтерілісі әлі жалғасып жатыр
Қыркүйектің соңында Францияда басталған оқушылардың наразылық шерулері әлі жалғасып жатыр. Елдің ІІМ басшысы Лоран Нуньестің мәліметінше, 11 полицей ауруханаға түскен деп жазады Kursiv Media Euronews-ке сілтеме жасап.
Париждегі Вобан алаңында көтерілісшілер мен полицейлер қақтығысып, тәртіп сақшыларына бөтелке, тас, пиротехника лақтырған. Жауап ретінде полицейлер шерушілерді сумен атқылап, көз ашытатын газ қолданған.
Билік мәліметінше, бүкіл ел бойынша наразылық акциясына 161 500 адам қатысты, оның ішінде 41 500-і Париж көшелеріне шыққан. Ал кәсіподақ шеруге 480 мың адам қатысты деген мәлімет таратып жатыр.
«Бұл студенттер мен оқытушылардың көтерілісі. Бірақ биліктің ешқандай реакциясын көріп отырғанымыз жоқ, біздің талабымызға құлақ асайық деген ниет білдірмейді. Полициядан тек зорлық көріп отырмыз, сондықтан жауап ретінде зорлық жасаймыз», – деді шеруге қатысушылардың бірі Euronews-ке берген жауабында.
Париждің солтүстігіндегі Сен-Дени қала маңында өткен наразылық акциясына шведтік экобелсенді Грета Тунберг те қатысты.
«Жастарды маңызды мәселелерді талқылауға жібермейді. Біздің болашағымызды тартып алып жатыр», – дейді ол.
Бастапқыда елдегі наразылық Франциядағы оқушылардың шеруінен басталған. Жасөспірімдер мектепке мұғалімдер жетіспейтініне, материалдық-техникалық жабдықтау нашар болғанына наразылық білдірген. Кейін бұл қозғалысқа студенттер де қосылды.
Наразылық акциясы кезінде елде 400-ге жуық мектеп жабылды. ІІМ 5000 адам ұсталғанын хабарлады, оның басым көпшілігі – кәмелетке толмағандар.
Оқи отырыңыз: Францияда оқушылар наразылығы күшейді: Макрон министрлермен кездеспек
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
14 қазан 2026