Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Мемлекеттік қарыз 59 триллионға жетпек: борышты өтеуге қаржы қайдан алынады

kz.kursiv.media

Мемлекеттік қарыз 59 триллионға жетпек: борышты өтеуге қаржы қайдан алынады

Құрылтай отырысында Қазақстанның мемлекеттік қарызды өтеу шығыны елдің экономикалық дамуы мен әлеуметтік салаға бөлетін қаржысынан асып түсетіні сынға алынды. Депутат Әсел Хаирова қарыз көлемінің өсуі мен оған қызмет көрсету шығындарының тиімсіз жоспарланғанын айтып, Қаржы министріне сауал жолдады.

Депутаттың айтуынша, бюджет жобасында үкіметтік қарызға қызмет көрсету шығындары 2027 жылғы 11,8 пайыздан 2029 жылы 12,3 пайызға дейін артады.

Мәселен, 2027 жылы қарызды өтеуге жұмсалатын 3,6 трлн теңге экономиканы дамытуға бағытталған 3,5 трлн теңгеден асып түседі, сондай-ақ бұл көрсеткіш денсаулық сақтау мен білім берудің жиынтық шығындарымен де (3,5 трлн теңге) теңесіп отыр.

Алдағы үш жылда мемлекеттік қарыз 52 триллионнан 59 трлн теңгеге дейін өседі деп жоспарланса да, оған қызмет көрсету шығындарының бір деңгейде қалуы үлкен күмән тудырады. Сонымен қатар, бюджет жоспарында қарызды басқару талдауы мен оны өтеу көздері мүлде көрсетілмеген.

«Қарыздың артуы өтеу шығынының өсіміне әкеп соғатыны түсінікті. Алайда, жоспарлы әлеуметтік-экономикалық даму болжамында да, республикалық бюджетке түсіндірме жазбада да қарызды басқару талдауы жоқ. Сондай-ақ оны өтеу көздері туралы да ешқандай ақпарат қарастырылмаған. Осыған байланысты менің қоятын сұрағым мынадай: Мәди Төкешұлы, неге мұндай болжам жасалған және мемлекеттің қарыз саясатын өзгерту үшін қандай шаралар қабылданып жатыр?» – деді депутат.

Қаржы министрі Мәди Такиев елдің жалпы мемлекеттік қарызы 38,5 триллион теңгені немесе ЖІӨ-ге шаққанда 20,9 пайызын құрайтынын жеткізді.

Бұл ретте белгіленген 32 пайыздық лимит сақталған, ал халықаралық сарапшылар мемлекеттік қарыз деңгейін төмен деп бағалайды.

Бұл көрсеткіш қарызды ұзақ мерзімді экономикалық өсім үшін әрі қарай пайдалануға мүмкіндік береді

Министрлік қарыз сыртқы нарықтан қолайлы шарттармен алынып жатқанын жеткізді. Мәселен, биыл Қытайдан ең төменгі 1,82 пайызбен 50 млрд теңге тартылған, бұл ішкі нарықтан алынатын қарыздармен салыстырғанда айтарлықтай арзан.

Сондай-ақ сыртқы еврооблигациялар да төмен пайыздық мөлшерлемелермен қайта қаралып жатыр.

Минист жалпы қарыз көлемі үлкен болғанымен, сыртқы қарыз небәрі 8,4 триллион теңгені немесе 4,5 пайызын құрайтындықтан, елдің қаржылық тұрақтылығы жоғары деп тұжырымдайды.

Қазір мемлекеттік қарыз 38 трлн теңгеден асқан. Бюджет жобасына сәйкес, алдағы үш жылда қарыз көлемі артып, 2029 жылға қарай 59 трлн теңгеге жетуі ықтимал.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар