Жамбыл облысында моншаға барғаны үшін ер адам 15 тәулікке қамалды
Жамбыл облысында моншаға барғаны үшін ер адам 15 тәулікке қамалды, ол сот шектеуін бұзған, деп хабарлайды Kursiv.media.
Сарысу аудандық соты шартты түрде мерзімінен бұрын босатылғаннан кейін азамат С.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қараған. .
2026 жылдың шілдесінде ер азамат бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде босатылған. Оған қатысты пробациялық бақылау және белгілі бір шектеулер қойылды. Ол сағат 22:00-ден кешікпей үйде болуға міндетті.
Алайда, 2026 жылдың қыркүйегінде сағат 22:30-да тексеру кезінде полиция қызметкерлері ер адамның тұрғылықты жерінде жоқ екенін анықтады. Сондай-ақ 2026 жылдың тамызында С. осындай құқық бұзушылық үшін жауапқа тартылыпты.
Кінә хаттамамен, полиция қызметкерлерінің есебімен, сот актілерімен және істің басқа материалдарымен расталды.
Сотта азамат С. кінәсін мойындап, көрсетілген уақытта көршілерінің моншасында болғанын және сағатқа қарамағанын түсіндірді.
ӘҚБтК-нің 480-бабы 2-бөлігінің санкциясы 20 АЕК мөлшерінде айыппұл немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алуды көздейді.
Жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар сот анықтамады.
Сот қаулысымен С. ӘҚБтК-нің 480-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және оған 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу тағайындалды. Қаулы заңды күшіне енді.
Айта кететін жайт, Жамбыл облысында декретке шыға алмаған әке сотта жеңіске жеткен еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
14 қазан 2026