Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

ШҚО-да өртенген үйден бір әйел мен екі баланың денесі табылды

kz.kursiv.media

ШҚО-да өртенген үйден бір әйел мен екі баланың денесі табылды

Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйден бір әйел мен екі баланың денесі табылды, деп хабарлайды Kursiv.media.

YK-news.kz ақпаратына қарағанда, оқиға Глубокое ауданындағы Бобровка ауылында болған.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үй толығымен отқа оранып, шатырдың бір бөлігі опырылып құлаған.

«Өртті сөндіру барысында әйел мен кәмелетке толмаған екі баланың денесі табылды», — деп хабарлады ТЖД өкілдері.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кететін жайт, Өскеменде өрт шыққан тоғыз қабатты үйден 12 адам құтқарылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар