Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейлік әнші Navai екі айға қамауға алынды

kz.kursiv.media

Ресейлік әнші Navai екі айға қамауға алынды

Ресейлік Navai есімімен білегілі рэпер Наваи Бакиров есірткі контрабандасы бойынша күдікпен екі айға қамауға алынды. Тиісті қаулыны Жамбыл облысының Қордай аудандық соты шығарды. Бұл туралы журналист Михаил Козачков хабарлады, деп жазады Kursiv.Media.

Sputnik Кырғызстан басылымының жазуынша, Қырғызстанның Шекара қызметі әнші есірткі заттарымен қазақ-қырғыз шекарасындағы «Ақжол» өткізу пунктінен қалай өткенін анықтап жатыр. Ведомство қызметкерлер тарапынан заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлілер жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

«Тексеру нәтижесі бойынша заңбұзушылықтар анықталған жағдайда, кінәлі лауазымды тұлғаларға қатысты заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті шаралар қолданылады», – деп хабарлады Қырғызстанның Шекара қызметі.

14 қазанда Қазақстан шекарасындағы Жамбыл облысының «Қордай» өткізу бекетінде ресейлік орындаушы Navai есірткі контрабандасына күдікті ретінде ұсталды. Оның автокөлігінен 2,5 грамм марихуана табылды.

Бұған дейін Navai Бішкекте концерт берген. Ал Астанадағы концерті 14 қазанға жоспарланған еді. Алайда билет сату операторы концерттің басталуына төрт сағат қалғанда іс-шараның «техникалық себептерге байланысты» болмайтынын хабарлады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар