Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

АҚШ-тың сегіз штаты Open AI-ды сотқа берді

kz.kursiv.media

АҚШ-тың сегіз штаты Open AI-ды сотқа берді

АҚШ-тың сегіз штаты техноалпауыт OpenAI-ға қарсы сотқа талап арыз берді. Штат прокурорлары ChatGPT иесін балаларға зиян келтірді, ата-аналарды жаңылыстырды және тұтынушыларды алаяқтықтан қорғау туралы заңын бұзды деп айыптап отыр. Бұл туралы Kursiv Media жазады.

14 қазанда Айовада өткен баспасөз мәслихатына Канзас, Небраска, Батыс Вирджиния, Арканзас, Аризона, Айдахо және Монтана штаттарының прокурорлары қатысқан.

«OpenAI балаларға зиян келтіріп, Айова тұрғындарын алдап отыр. Компания ChatGPT қауіпсіз деп мәлімдегенімен, ол қауіпті медициналық кеңестер беріп, адамдарды өзгелерге зиян келтіруге итермелейді және суицид жасауға нұсқау береді. Мұның бәрі қолданушыға өзін жалған дос ретінде көрсеткен кезде болады», – деді Айованың бас прокуроры Бренна Берд.

OpenAI компаниясы ChatGPT чат-ботын 2022 жылы әзірлеп, көпшілікке ұсынды. Қазір ол әлемдегі ең танымал чат-боттардың бірі саналады және АҚШ-тағы чат-боттар нарығының шамамен жартысын иеленеді.

Ол OpenAI қоғамды ChatGPT-дің қауіпсіз әрі пайдаланушылардың қауіпсіздігін бірінші орынға қоятын құрал екеніне сендіріп, жаңылыстырды деп есептейді. Прокуратураның мәлімдеуінше, ChatGPT адамға жанашырлық танытқандай көрінеді, бірақ балалар сияқты қоғамның әлсіз топтарына қауіп төндіруі мүмкін. Атап айтқанда, қолданушыларды суицид жасауға немесе басқа адамдарға зиян келтіруге итермелеуі ықтимал.

Прокуратураның мәлімдеуінше, ChatGPT жұмысына қатысты бірнеше зерттеу жүргізілген. Олар адамның сыни ойлау қабілетін әлсіретіп, қорқыныш пен шындыққа жанаспайтын ойларды күшейтуі мүмкін екенін көрсетіп отыр. Сондай-ақ чат-бот кейде денсаулыққа қауіпті кеңес беретін жағдайлар тіркелген.

Бұл компанияға қарсы алғашқы сот ісі емес. Өткен жылы АҚШ пен Канададағы бірнеше отбасы ChatGPT-пен сөйлескеннен кейін жақындары өз-өзіне қол жұмсағанын айтып, сотқа жүгінген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар