Ақтөбе облысында ҚТЖ-ның екі жұмысшысы күйіп қалды
Ақтөбе облысында қозғалтқыш бөлшектерін бензинмен жуу кезінде ҚТЖ-ның екі жұмысшысы күйіп қалды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Kriminal Kazakhstan ақпаратына қарағанда, алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар жанармайды бөшкеден басқа ыдыстарға құйып жатқанда, кенеттен өрт тұтанған.
«46 жастағы ер адамның денесінің 80 пайызы күйіп қалған. Оның тыныс алу жолдары, беті, қолдары мен дене тұсы зақымданған. Зардап шеккен азаматтың жағдайы ауыр», – делінген ақпаратта
Ал оның 23 жастағы әріптесінің қолы, аяғы мен дене тұсы күйген. Қазір ол дәрігерлердің бақылауында.
Еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылған. Қазір өрттің шығу себебі мен оқиғаға жауапты тұлғалар анықталып жатыр.
Айта кететін жайт, Семейде өрт кезіндегі жарылыстан екі адам зардап шегіп, күйік шалған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2026