Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

РФММ-дағы уланған балалар саны 51-ге жетті

kz.kursiv.media

РФММ-дағы уланған балалар саны 51-ге жетті

Алматыдағы РФММ мектебінде уланып, ауруханаға түскен балалар саны 47-ден 51-ге өсті. Бұл туралы оқушылардың жағдайын білуге барған балалар омбудсмені Динара Закиева айтты деп жазады Kursiv Media.

«Барлығы 43 ұл және 5 қыз бала. Жаңа ғана тағы үш баланы әкелді. Олар РФММ интернатында тұрған, басқа облыстардан келген. Жағдайлары қалыпты», – деді балалардың құқығын қорғау бойынша уәкіл.

Айта кету керек, 51 бала тек ауруханада жатқандары ғана. Бұған дейін Денсаулық сақтау басқармасы тағы сегіз баланың үйде ем алып жатқанын хабарлаған еді.

Қазір мектептегі асхана жұмысын тоқтатқан. Санитарлы-эпидемиологиялық бақылау комитеті тексеру кезінде азық-түліктің дұрыс сақталмағанын анықтады. Сонымен қатар тамақ жеткізуші «Master Food» ЖШС-нің асүйінен тиісті ілеспе құжаттары жоқ сүт өнімдері тәркіленді.

Алматы полициясы қылмыстық іс қозғады, тергеу жүріп жатыр. Еске салайық, Алматыда 12-14 қазан аралығында физика-математика мектебінің 47 оқушысы ішек инфекциясына ұқсас белгілермен ауруханаға түсті. Осыдан кейін білім ошағы қашықтан оқытуға көшті.

Министрлік Алматыдағы оқушылары уланған мектеп басшылығына ескерту жасады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар