Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

kz.kursiv.media

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Алматыда полицейлер 9 миллиметрлік тапанша мен бес оқ-дәрі алып жүрген әйелді ұстады. Әйел қаруды Есентай өзенінің маңынан тауып алғанын айтқан.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті Жетісу ауданында сағат 17:00 шамасында есірткі қылмысына қарсы күрес бөлімшесінің қызметкерлері жүргізген шара барысында ұсталған. Тапанша мен оқ-дәрілер тәркіленді.

Ұсталған әйелдің айтуынша, ол қаруды полицейлерге жолыққанға дейін бір-екі сағат бұрын тауып алған. Оның сөзінше, тапанша Есентай өзеніне түсетін жердегі бетон қоршаудың үстінде жатқан.

«Алайда бұл нұсқа әлі де тексеруді қажет етеді. Ұсталған әйелдің әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полиция.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тәртіп сақшылары тапаншаның қайдан шыққанын және оның әйелдің қолына қандай жағдайда түскенін анықтап жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар