Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ресейдегі мұнай зауытына жасалған шабуыл артында қазақстандық хакерлер тұруы мүмкін

kz.kursiv.media

Ресейдегі мұнай зауытына жасалған шабуыл артында қазақстандық хакерлер тұруы мүмкін

Ресейдің мұнай зауытына жасалған шабуыл артында қазақстанды хакерлер тұруы мүмкін. Бұл туралы Reuters басылымы жазады.

Cisco компаниясының өкілі Чи-ен Шен мен Recorded Future сарапшысы Джулиан-Фердинанд Фогеленің бірлескен баяндамасында «Silent Lynx» деп аталатын хакерлер тобының Қазақстанда жұмыс істейтіні және Орталық Азиядағы мемлекеттік ұйымдарға шабуыл жасағаны жазылады.

Зерттеушілердің айтуынша, бұл топ маңызды құжаттар түрінде жасырылған зиянды қосымшалары бар фишинг-хаттарды жиі қолданады.

Джонс Хопкинс университетінің аспиранты Олег Шакировтың пікірінше, бұл жағдай кибершпионаж тек ірі державалар ғана емес, басқа елдер де бұл бағытта белсенді бола бастағанын көрсетеді.

Хакерлер Ресейдің оңтүстігіндегі, Қазақстан шекарасынан шамамен 25 шақырым қашықтықта орналасқан Орск мұнай өңдеу зауытын нысанаға алған.

Бұл зауыт тамыз айында украиндық дрон соққысынан кейін бірнеше айға жұмысын тоқтатқан болатын. Стратегиялық маңызды нысан жылына шамамен 6,6 млн тонна мұнай өңдейді.

Сондай-ақ хакерлер Мәскеуден шығысқа қарай орналасқан Нижний Новгород қаласының үкімет жүйесін де бұзып кіргені анықталды.

Зерттеушілер «Silent Lynx» тобының Қазақстанмен байланысын растайтын бірнеше дәлел келтірді.

Олардың қатарында код жиналғаннан кейін зиянды бағдарламаны Қазақстан аумағынан тестілеу әрекеттері және қазақстандық жұмыс уақытымен сәйкес келеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар