Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллардан асты

kz.kursiv.media

Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1,1 млрд доллардан асты

2026 жылдың 8 айында Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 19,3%-ға өсіп, 1,1 млрд доллардан асты. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев Швейцария Елшісі Кристина Хонеггермен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«2026 жылдың қаңтарынан бастап, тамыз айына дейін Қазақстан мен Швейцария арасындағы тауар айналымы 1 120,9 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда салыстырғанда 19,3%-ға артық», – деді министр.

Биылғы жылдың 8 айының ішінде Қазақстанның Швейцарияға экспорты 15,4%-ға өсіп, 820,5 млн долларға жетті.

Министрдің сөзінше, Қазақстан Швейцарияға өңделген өнім экспортын 30 позиция бойынша арттыра алады. Соның ішінде ең перспективті бағыттар – металлургия, тамақ өнеркәсібі, мұнай-химия, машина жасау және химия салалары. Оның ішінде алюминий, болат прокаты, ферроқорытпалар, күнбағыс майы, ұн, макарон және кондитерлік өнімдер туралы сөз қозғалды.

Өз кезегінде Швейцария Елшісі Кристина Хонеггер Министрдің ұстанымын қолдап, швейцариялық тараптың екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдірді.

Айта кетейік, Швейцария Қазақстанның ең ірі инвесторларының бірі: соңғы 20 жылда инвестиция көлемі 36 млрд доллардан асты. Бүгінде елімізде швейцариялық капиталы бар 400-ге жуық компания жұмыс жасайды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар