Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Туризм саласындағы жаңа талаптар: кәсіпкерлер нені білуі керек

kz.kursiv.media

Туризм саласындағы жаңа талаптар: кәсіпкерлер нені білуі керек

2026 жылы тамыз айында туристік бизнесті қолдау тетіктерін жетілдіруге бағытталған бірқатар өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Kursiv.media.

Туризм индустриясы комитетінің хабарлауынша, негізгі мақсат– бизнеске қойылатын талаптарды нақтылау, рәсімдерді жеңілдету және бюджет қаражатының тиімді әрі мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

Комитеттің мәліметінше, «Kids Go Free» бағдарламасы бойынша, туристік өнімді ішкі туризм саласындағы туроператорлар қалыптастыруы тиіс. Туристік өнім құрамына кәмелетке толмаған жолаушының бару және қайту ұшуларын қамтитын эконом-кластағы әуе тасымалы, сондай-ақ туристерді орналастыру орындарында кемінде екі түн болу қызметі енгізіледі.

«Келу туризмі бойынша, шетелдік турист Қазақстанда кемінде 6 түн болған жағдайда туроператорға әрбір турист үшін 15 мың теңге субсидия төленеді. Бұл шара шетелдік туристердің елімізде болу мерзімін ұзартуға және өңірлердегі туристік қызметтерге сұранысты арттыруға бағытталған», – делінген хабарламада.

Туристік инфрақұрылымға келсек, қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары сақталды. Тау шаңғысы курорттарына арналған техника мен жабдықтарды, сондай-ақ туристік автобустарды сатып алуға жұмсалған шығындардың 25%-ы өтеледі. Ал жол бойындағы сервис объектілерін, туристерге арналған танымдық орталықтарды және туристерді орналастыру орындарын салуға жұмсалған шығындардың 10%-ы өтеледі.

Санитариялық-гигиеналық тораптарға ай сайын берілетін 83,3 мың теңге көлеміндегі субсидия сақталды. Сонымен қатар олардың тұрақты жұмыс істеуіне және көрсетілетін қызмет сапасына мониторинг жүргізіледі.

Тағы бір маңызды өзгеріс – басым туристік аумақтарды өңірлердің өздері айқындай алады. Бұл әр өңірдің ерекшелігі мен туристік әлеуетін ескере отырып, перспективалы аумақтарды дамытуға мүмкіндік береді.

Айта кететін жайт, шетелдіктер Қазақстанда емделсе, экономикаға 300 млн доллар пайда түсуі мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар