Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтып, алкоголь ішкен екі блогер ұсталды

kz.kursiv.media

Алматыда TikTok эфирінде балағат сөз айтып, алкоголь ішкен екі блогер ұсталды

Алматыда TikTok әлеуметтік желісінде тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, алкоголь ішіп, темекі шеккен екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Қалалық полиция департаменті хабарлауынша, құқық бұзған әйелдердің кім екені тікелей эфир жүріп жатқан кезде анықталған. Олардың біріне 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынса, екіншісі 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде трансляцияға назар аударған. Полицияның хабарлауынша, эфирге қатысушылардың бірі алкогольдік масаң күйде болған.

«Екеуі де жедел ұсталды. Тікелей эфир аяқталды. Ал заң алдындағы жауапкершілік аяқталған жоқ», – деп хабарлады полиция.

Еске салайық, бұған дейін Алматы жолдарында көлікпен қарсы бағытқа шығып, қауіпті трюктер жасаған видеоларымен танылған блогер Назар Ролланның іздеуге жарияланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
14 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар