Тоқаев Израиль президентімен Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады
Тоқаев Израиль президенті Ицхак Герцогпен кездесті. Көшбасшылар Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің 7-саммиті аясында жолықты деп жазады Kursiv Media Ақордаға сілтеме жасап.
Екі тарап Қазақстан мен Израильдің сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастыққа ден қоя отырып, маңызды бағыттар бойынша ынтымақтастықты дамыту перспективасын талқылады. Ицхак Герцог Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне қосылуын құптап, бұл оқиғаның бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға қосылған зор үлес екенін атап өтті.
Сондай-ақ президенттер халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде пікір алмасты. Өз кезегінде Тоқаев шиеленісті бәсеңдетіп, қақтығыстарды дипломатия құралдары арқылы реттеу қажеттігін жеткізді. Қазақстанның осы қағидатты берік ұстанатынын айтты.
Израиль президенті Ицхак Герцог биыл көктемде ресми сапармен Қазақстанға келген еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2026