Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

«Ұмай» ипотекасы қайта басталады: Азия даму банкі 20 млрд теңге бөлмек

kz.kursiv.media

«Ұмай» ипотекасы қайта басталады: Азия даму банкі 20 млрд теңге бөлмек

Азия даму банкі «Ұмай» әйелдер ипотекалық бағдарламасы аясында Отбасы банкке 20 млрд теңге көлемінде жаңа транш бөлуді мақұлдады. Қаражат тұрғын үй алуды жоспарлап жүрген әйелдерге арналған бағдарламаға бағытталады, деп жазады Kursiv.Media.

Бұған дейін, тамыз айында банкке 9 млрд теңге көлеміндегі алғашқы транш түскен. Бағдарламаға сұраныс жоғары болды. 31 тамызда 855 өтінім қабылданып, бөлінген қаражат лимиті небәрі жеті сағат ішінде толық игерілген.

Бағдарламаның алдыңғы кезеңіндегі шарттарға сәйкес, жылдық сыйақы мөлшерлемесі 14,8% болды. Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 16,3%-дан 16,8%-ға дейін белгіленді. Қарыздың ең жоғары сомасы 50 млн теңгені құрады. Бастапқы жарна Астана мен Алматыда 20%-дан, ал өңірлерде 15%-дан басталды.

Жаңа транш бойынша өтінім қабылдау күні, қатысу тәртібі мен несие шарттары әзірге жарияланған жоқ.

Отбасы банк бұл туралы қосымша ақпаратты өзінің ресми парақшаларында хабарлайтынын мәлімдеді.

Сондай-ақ 15 қазаннан бастап «Отбасы банк» құрылыс компанияларымен бірлесіп, ипотекалық несие берудің жаңа тетігін іске қосады. Енді клиенттер бағалау көрсеткішінің ең төменгі деңгейіне жетпей-ақ аралық қарыз ала алады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар