Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Енді шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін электронды рұқсат алуы керек

kz.kursiv.media

Енді шетелдіктер Қазақстанға кіру үшін электронды рұқсат алуы керек

Енді Қазақстанмен визасыз режимдегі мемлекет азаматтары елге кіру үшін электронды рұқсат алуы керек. 24 қазаннан бастап Қазақстан үкіметінің тиесілі қаулысы күшіне енеді деп жазады Kursiv Media.

Электронды рұқсатты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің келісімімен Ішкі істер органдары береді. Цифрлық платформа арқылы тегін рәсімделеді.

Рұқсат алу үшін шетел азаматы елге кірерден 72 сағат бұрын цифрлық ресурс арқылы өтінім беруі тиіс. Өтінім бергенде аутентификация немесе жеке басын сәйкестендіруден өту деген талап та бар. Электронды рұқсат Қазақстанда 180 күнтізбелік күн жүруге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік шекараны кесіп өтетін кезде паспорттық бақылауда шетелдік азаматтар төлқұжат немесе паспортын ұсынады. Сол арқылы кеден қызметкерлері «Бүркіт» цифрлық жүйесінде электронды рұқсат бар-жоғын тексереді.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда шетелдіктерге ЖСН беру тәртібі өзгеруі мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар