Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Әлемдік нарықта дизель тапшылығы 2027 жылға дейін созылуы мүмкін

kz.kursiv.media

Әлемдік нарықта дизель тапшылығы 2027 жылға дейін созылуы мүмкін

Таяу Шығыс пен Ресейдегі қақтығыс салдарынан өндірістің шектеліп, әлемдік нарықта дизель тапшы. Өнім жетпеген соң баға қымбаттап, ол инфляцияны жеделдетіп, экономикалық өсімге кері әсерін тигізіп жатыр. Халықаралық энергетика агенттігі (МЭА) есебінде бұл мәселе 2027 жылға да созылатынын ескертті, деп жазады Reuters.

Дизель отыны өнеркәсіпт ауыл шаруашылығы мен көлік саласында кеңінен қолданылатындықтан, оның қымбаттауы саяси да, экономикалық та қысым тудырды.

ҚШ Президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Еуропалық Одақ елдеріне өз иелігіндегі отын қорын пайдалануды ескертті, кері жағдайда АҚШ-тан дизель экспортына тыйым салынуы мүмкін екенін жеткізді.

МЭА-ның айтуынша, рекордтық бағалар тауар өзіндік құнын арттырып, халықтың шынайы табысы мен экономикалық белсенділігіне нұқсан келтіріп отыр.

Қыркүйек айында Таяу Шығыс пен Ресейден дизель экспортының жалпы жоғалтуы тәулігіне 1,3 миллион баррельді құрады. Бұләлемдік дизель мен газ-мұнай сұранысының шамамен 4,5 пайызына тең.

Ұзаққа созылған іркіліс салдарынан отын қоры әдетте артатын мезгілде, керісінше, сарқылып жатыр. МЭА сарапшылары Таяу Шығыстағы қақтығыстар шешімін таппаса, жүйедегі қорлар таусылып, 2027 жылы артық өнім пайда болғанға дейін мұнай нарығы жаңа дүрбелеңдерді бастан кешуі мүмкін екенін айтады.

Жыл соңына қарай әлемдік мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы қайта жанданып, қорды толықтыруға мүмкіндік береді.

Дегенмен, бұл орташа дистилляттар (дизель және авиакеросин) нарығында жинақталған тапшылықтың орнын толтыруға жеткіліксіз. Есепке сәйкес, әлемдік газойль ұсынысы мен сұранысы арасындағы теңгерімсіздік 2027 жылдың бірінші жартысында да сақталып, тек екінші жартыжылдықта ғана бәсеңдей бастайды.

Бұған дейін Ресей жыл соңына дейін дизель отыны экспортын айына 3–3,5 млн тоннаға дейін қалпына келтіру мүмкін екені хабарланған.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар