Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ақмолада спортқа бәс тіккен екі мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды

kz.kursiv.media

Ақмолада спортқа бәс тіккен екі мемлекеттік қызметші жұмыстан босатылды

Ақмола облысының Есіл ауданында интернет арқылы құмар ойындарға қатысқан екі мемлекеттік қызметші қызметінен босатылды.

Облыстық прокуратура хабарлауынша, тексеру барысында екі мемлекеттік қызметшінің букмекерлік кеңселерде интернет арқылы спорттық бәс тіккені анықталған.

Олардың бірі аудан әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болса, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы қызметін атқарған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша екі лауазымды тұлға да атқарып отырған қызметтерінен босатылды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар