385 млрд теңгелік жобаны жүзеге асырушы инвестор тап келген кедергі жойылды
Ақмола облысының прокуратурасы құны 385 млрд теңгелік жобаны қолға алған инвестор тап келген кедергіні жойды, деп хабарлайды Kursiv.media.
Облыстық прокуратура мәліметінше, Ақмола облысында қытайлық Dalian Hesheng Holdings компаниясы «Азия Алтын Дан» ЖШС-мен бірлесіп жүзеге асырып жатқан ірі инвестициялық жобаның іске асырылуына кедергі болған мәселе шешілген.
Жобаны іске асыру аясында шамамен 800 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Жобаны дайындау барысында тазартылған ағынды суларды ағызуға қатысты техникалық шешімдерді келісу мәселелері туындаған.
«Оларды шешу үшін инвесторға бірқатар уәкілетті мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау қажет болды. Ақмола облысының прокуратурасының жәрдемдесуімен қажетті техникалық шешімдер келісілді. Осылайша, инвестициялық жобаның одан әрі іске асырылуына әсер етуі мүмкін әкімшілік кедергі жойылды», – делінген хабарламада.
Ал Шымкентте инвесторларға кедергі келтірген салық қызметкерлері айыппұл төлеуге мәжбүр болған еді.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2026