Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Иранда 23 жастағы студент видеолары үшін өлім жазасына кесілді

kz.kursiv.media

Иранда 23 жастағы студент видеолары үшін өлім жазасына кесілді

Иранда қаңтар айындағы үкіметке қарсы наразылықтарға қатысып, әлеуметтік желіде жазбалар жариялаған 23 жастағы студент Наджме Аминиге өлім жазасы кесілді. Бұл туралы BILD басылымына сілтеме жасаған Kursiv Media жазады.

Студент түрмеден аудиоүндеу жазып, отандастары мен құқық қорғаушылардан өз ісінің әділ қаралуына көмектесуді сұраған.

«Мен өзімді батыр етіп көрсеткім келмейді. Мен тек бір нәрсені сұраймын: менің үнімді әлемге жеткізіңіздер», – деген Амини Мешхед қаласындағы Вакилабад түрмесінен жолдаған аудиожазбасында.

Студент өзіне тағылған айыптар бойынша кінәсіз екенін айтып, Иранның еркін әрі өркендеген ел болғанын көргісі келетінін жеткізген. Ол заңгерлерді, құқық қорғаушыларды және өзге де мамандарды іс материалдарын зерттеуге шақырған.

Наджме Аминиді 2026 жылдың басында елдегі жаппай наразылықтардан кейін ұстаған. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, қызды ұстау кезінде ұрып-соққан, кейін жауап алу барысында қысым көрсеткен. Құқық қорғау органдары оның Instagram желісіндегі наразылықтарға қатысты видеолары үшін айыптаған.

Iran Human Rights құқық қорғау ұйымының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы сегіз айында Иранда кемінде 532 адам өлім жазасына кесілген. Олардың арасында наразылықтарға қатысқан 31 адам бар. Бұл санатқа бұған дейінгі шерулерге қатысқандар да кірген.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар