Төрт облыста қар аралас жаңбыр жауады: ҚазАвтожол жүргізушілерге ескерту жасады
«ҚазАвтоЖол» бірнеше өңірде ауа райы бұзылатынын ескертіп, жүргізушілерді жолда сақ болуға шақырды.
Бүгін, 15 қазанда Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарында жаңбыр аралас қар жауып, кей жерлерде қар жаууы мүмкін. Соның салдарынан республикалық автожолдардың жекелеген учаскелерінде көріну қашықтығы төмендеп, жол тайғақ болуы ықтимал.
«ҚазАвтоЖол» мамандары жүргізушілерге қауіпсіз арақашықтықты сақтап, жылдамдықты жол жағдайына қарай таңдауға кеңес берді. Сондай-ақ оқыс маневр жасамау қажеттігін еске салды.
«Қазгидрометтің» 15 қазанға арналған ауа райы болжамына сәйкес, елдің солтүстігі мен шығысында түнде ауа температурасы минусқа түсіп, көктайғақ болып, шығыстың кей өңірлерінде қар жауады деп күтілуде.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2026