Ақмола облысында екі күн қатарынан шахтадан ер адамдардың мәйіті табылды
Ақмола облысының Бестөбе кентіндегі шахталардың бірінен екі күн қатарынан екі ер адамның мәйіті табылды. Марқұмдар нысан аумағына заңсыз кірген болуы мүмкін, деп жазады Kursiv.Media.
Ақмола облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 14 және 15 қазанда болған. Қазіргі уақытта екі жағдай бойынша да сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Алдын ала мәлімет бойынша, олар нысанда заңсыз жұмыс істеген болуы мүмкін.
Бестөбе шахтасына заңсыз кіргендерге қатысты қайғылы жағдай бұған дейін де болған. Осыған дейін Қазақалтын компаниясына қарасты «Центральная» шахтасында 610-горизонт тереңдігінде опырылу болып, топырақ астында екі ер адам қалып қойған.
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
15 қазан 2026