Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Маңғыстауда жасөспірімдер мас болу үшін «Корвалол» дәрісін ішкен

kz.kursiv.media

Маңғыстауда жасөспірімдер мас болу үшін «Корвалол» дәрісін ішкен

Маңғыстау облысында жасөспірімдердің «Корвалол» дәрісін емдік мақсатта емес, мас болу үшін қолданған деректер анықталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің департаменті хабарлады.

Мамандар дәрілік заттың денсаулыққа қауіпті екенін және тіпті улану қаупі өте жоғары екенін ескертті.

Осы оқиғалардан кейін ведомство дәріханаларды кәмелетке толмағандарға дәрі-дәрмек сату кезінде мұқият болып, белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырды.

Сонымен қатар, фармацевтерге дәрілік заттардың орынсыз мақсатта қолданылуына жол бермеу шараларын қатаң ұстану қажеттігі ескертілді.

«Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін дәріхана ұйымдары дәрілік заттарды сату кезінде заңнама талаптарын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ басшылар қызметкерлермен дәрі-дәрмекті медициналық емес мақсатта пайдалануға жол бермеу туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, оларды сату кезінде қырағылықты арттырып, кәмелетке толмағандарды қорғауға бағытталған алдын алу шараларын күшейтуі қажет», – деп мәлімдеді департаментте.

«Корвалол» құрамына этил спирті мен жүйке жүйесіне әсер ететін фенобарбитал заттары кіреді. Аталған препаратты әсіресе алкогольмен араластырып қабылдау аса қауіпті. Бұл қатты ұйқыға, ми қызметінің тежелуіне және естен тануға әкеп соғуы мүмкін.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар