Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Бельгия королі мен патшайымы Алматыдағы Ядролық физика институтына барады

kz.kursiv.media

Бельгия королі мен патшайымы Алматыдағы Ядролық физика институтына барады

Бүгін, 14 қазанда Бельгия королі Филипп пен патшайымы Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Алматыға келді, деп хабарлайды Kursiv Media.

Бельгия королі мен патшайымы Алматыдағы сапар бағдарламасына бірнеше нысанды араламақ. Атап айтқанда, король Филипп пен патшайым Матильда Ядролық физика институтына барады. Сондай-ақ Haragun ат спорты клубының аумағында орналасқан этноауылға барып, қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен дәстүрлерімен танысады.

Бұдан бөлек, мәртебелі меймандардың Алматыдағы Заманауи өнер музейіне баруы да жоспарланған.

Еске салайық, Бельгия королі Филипп пен патшайым Матильда Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген. Бұған дейін оларды Астана әуежайында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар