Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

2027 жылғы бюджет: қай саланың шығысы өсіп, қайсысы қысқарады

kz.kursiv.media

2027 жылғы бюджет: қай саланың шығысы өсіп, қайсысы қысқарады

2027 жылы республикалық бюджет шығыстарының ең ірі бөлігі әлеуметтік міндеттемелер мен өңірлерді қаржыландыруға бағытталмақ. Жоспар бойынша әлеуметтік көмекке 6,86 трлн теңге, ал өңірлерге берілетін трансферттерге 6,36 трлн теңге қарастырылған.

Өңірлерге трансферт көлемі 2026 жылғы нақтыланған жоспармен салыстырғанда 22,9%-ға өседі. Борышқа қызмет көрсетуге 3,56 трлн теңге жұмсау жоспарланған, бұл бір жыл бұрынғы деңгейден 2,6%-ға көп.

Шығыс бағыттары · 2027 жоспары, үзік контур — 2026 нақтыланған жоспары

Денсаулық сақтау шығыстары 2,67 трлн теңгеге дейін өссе, көлік және байланысқа арналған қаржы бірден 96,3%-ға артып, 1,75 трлн теңгеге жетпек. Қорғаныс саласына 1,62 трлн теңге, қоғамдық тәртіп пен сот жүйесіне 1,58 трлн теңге қарастырылған.

Ең жоғары өсім отын-энергетика саласында байқалады. Бұл бағыттағы шығыс 128 млрд теңгеден 315 млрд теңгеге дейін, яғни 146,1%-ға ұлғаяды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа бөлінетін қаражат та 67,8%-ға артып, 160 млрд теңге болады.

Сонымен қатар кейбір бағыттар бойынша шығын қысқарады. Мемлекеттік басқаруға бөлінетін қаржы 31,1%-ға азайып, 1,08 трлн теңгеге түседі. Мәдениет пен спорт шығыстары 38,9%-ға, ал өнеркәсіп пен құрылысқа арналған қаражат 53,4%-ға төмендейді.

Жалпы, 2027 жылғы бюджет құрылымы мемлекеттің әлеуметтік шығыстарды сақтай отырып, өңірлерге, инфрақұрылымға және энергетикаға көбірек қаржы бағыттауды жоспарлап отырғанын көрсетеді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар