Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев вице-президентке ішкі саясатты іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді

kz.kursiv.media

Тоқаев вице-президентке ішкі саясатты іске асыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдап, ішкі саясаттың басым бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы есебін тыңдады.

Кездесу барысында президент тапсырмаларының орындалуы және Мемлекет басшысының бастамаларын жүзеге асыру барысы талқыланды. Сондай-ақ бірінші шақырылған Құрылтайдың алғашқы сессиясы мен Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясында белгіленген міндеттерді іске асыру мәселелері қаралды.

Ерлан Қарин конституциялық құндылықтарды түсіндіру, «Таза Қазақстан» жобасын жүзеге асыру, жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыру және «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бағытында атқарылған жұмыстарды баяндады. Сонымен қатар «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын енгізу барысы туралы мәлімет берді.

Бұдан бөлек, Қарин этносаралық келісімді нығайту, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау және мемлекеттік ақпараттық саясатты жетілдіру мәселелеріне тоқталды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев конституциялық қағидаттар мен құндылықтар ұлттық болмыс пен қоғамдық мәдениеттің ажырамас бөлігіне айналуы керектігін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, патриотизм, жауапкершілік, еңбекқорлық пен бірлік, сондай-ақ азаматтардың ортақ мақсат жолында жұмылуы елдің қарқынды дамуына негіз болады. Президент осы бағыттар бойынша бірқатар тапсырма берді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар