Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Елде 1 гр алтын неше теңгеден сатылып жатыр

kz.kursiv.media

Елде 1 гр алтын неше теңгеден сатылып жатыр

Елде алтын бағасы бір аптаның ішінде өсім көрсетті. Ұлттық банктің соңғы мәліметіне қарағанда, асыл металдың бір грамы 60 мың теңгеден асып, апта ішінде шамамен 1 мың теңгеге жуық өскен, деп хабарлайды Kursiv Media.

Ұлттық банк 15 қазанда бір грамм алтынның құнын 60 302,57 теңге деп көрсетіп тұр.

Өткен аптада алтынның бір грамы 59 215,71 теңге болған. Осылайша, жеті күннің ішінде оның бағасы 1 086,86 теңгеге қымбаттады.

Сонымен қатар, бейсенбіде әлемдік нарықта да алтын бағасы 1%-дан астам өсіп, бір апталық ең төменгі көрсеткіштен кейін қайта көтерілді.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұған АҚШ долларының арзандауы себеп болған. Нарықтағы алтынның бағасы 1,3%-ға өсіп, бір трой унциясы үшін 4158,63 долларға жетті. Ал желтоқсандағы фьючерстер 1,8%-ға қымбаттап, унциясы 4180 доллар болды.

2026 жылдың басынан шілдеге дейін Қазақстан Ұлттық банкі 29 тонна алтын сатып алып, әлемдегі ең ірі алтын салып алатын үздік 5 елдің қатарына кірген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар