Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

BMW X7, Lexus и G-Class: қазақстандық жұлдыздар әйелдеріне қандай көлік сыйлайды

kz.kursiv.media

BMW X7, Lexus и G-Class: қазақстандық жұлдыздар әйелдеріне қандай көлік сыйлайды

Қазақстандық танымал өнер иелерінің әйелдеріне көлік сыйлауы жиі кездеседі. Кейбір жағдайда сыйлықтың құны 100 млн теңгеден асады. Бұл туралы КурсивАвто «Мой город» газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2025 жылғы қаңтарда әнші Серік Ибрагимов пен жұбайы Айнамкөз Әбдімаева әлеуметтік желіде екі жаңа BMW X7 көлігін сатып алғанын хабарлады. Көліктердің бірі ақ, екіншісі қара түсті болған. Кейін әнші оқырмандарының көліктің бағасына қатысты сұрақтарына жауап беріп, оның құны 100 млн теңге екенін айтқан.

Ал әнші Төреғали Төреәлі жұбайы Толқын Тұрарбекқызына премиум санатындағы Lexus RX 300 кроссоверін сыйлаған. Өнер иесінің айтуынша, көлікті таңдауына екеуінің танысу тарихы себеп болған. Сол кезде Толқында дәл осындай көлік болған.

2023 жылы әнші Әбдіжаппар Әлқожа шаңырақ көтергендеріне тоғыз жыл толуына орай жұбайына тосынсый жасаған. Ол достарымен бірге алдымен әйеліне гүл сыйлап, кейін Kia Cerato көлігіне ұқсас седанның кілтін табыстаған.

Әншінің айтуынша, бұған дейін жұбайының туған күнінде үнемі жанында болуға мүмкіндігі бола бермеген. Сондықтан бұл жолы ерекше мереке ұйымдастыруды ұйғарған.

2025 жылдың жазында әнші Тоқтар Серіков жұбайы Бейбіт Сейдуалиеваға көлік сыйлады. Ол бұл жаңалықты әлеуметтік желідегі оқырмандарымен бөлісіп, отбасылық автопаркке тағы бір көлік қосылғанын әзілмен жеткізді. Алайда көліктің маркасы мен құны жарияланбады.

2024 жылғы қыркүйекте «МузАРТ» тобының әншісі Кенжебек Жанәбілов те жұбайына жаңа көлік сыйлағанын хабарлады. Өнер иесі әлеуметтік желіде армандардың орындалатынын жазғанымен, көліктің маркасын ашып айтпады. Ал 2021 жылғы маусымда ол әйеліне Toyota Camry 75 сыйлаған болатын.

2024 жылы әнші Фархад Қалиев (Kalifarniya) жұбайына жаңа көлік тарту етті. Ол сыйлығын Париж Олимпиадасының чемпиондары мен жүлдегерлеріне берілетін сыйлықтармен салыстырып, әйелін әзілдеп «асүйдің чемпионы» деп атаған. Әншінің айтуынша, жұбайы мұндай тосынсый болатынын білмеген. БАҚ-та жарияланған фотоларға қарағанда, сыйлық қытайлық электр кроссоверлерінің бірі болған.

Ал актер Қайрат Әділгерей 2023 жылы жұбайы Бақыт Тұрманның көптен бергі арманын орындап, оған жаңа Lexus кроссоверін сыйлаған.

2026 жылғы наурызда әзілкеш Арман Жаналиев те жұбайына осындай сыйлық жасағанын хабарлады. Ол әйеліне ақ түсті Hyundai Palisade көлігін сыйлаған сәттің видеосын жариялап, отбасылық автопарк тағы бір көлікпен толыққанын әзілмен жеткізді.

Тізімдегі ең қымбат көліктердің бірі – Mercedes-Benz G-Class. Мобилограф Қыран Талапбек бұл жол талғамайтын көлікті 2025 жылғы ақпанда жұбайына туған күніне сыйлаған. Дереккөздің мәліметінше, көліктің құны 100 млн теңгеден асқан.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар