Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Оңтүстікте +25°C, солтүстікте -6°C: демалыс күндері ауа райы қандай болады

kz.kursiv.media

Оңтүстікте +25°C, солтүстікте -6°C: демалыс күндері ауа райы қандай болады

«Қазгидромет» РМК демалыс күндеріне арналған ауа райы болдамын жариялады. Оған сәйкес, 17, 18 және 19 қазанда елдің басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады, деп хабарлайды Kursiv.Media.

«Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі. Елдің шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда қар жауады, ал батыста жаңбыр жауады. Тек Ұлытау облысында жауын-шашынсыз ауа райы болжанады», – делінген хабарламада.

Республика бойынша тұман түседі, елдің шығысында көктайғақ күтіледі. Батыс өңірлерде найзағай ойнайды. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерде түнде 1-7 градус аяз болады.

– Батыста күндіз ауа температурасы негізінен +18…+25 °C болады.

– Солтүстік-батыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +13…+18 °C-тан +15…+20 °C-қа дейін аздап құбылады.

– Солтүстікте түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін, күндіз +6…+12 °C-тан +12…+17 °C-қа дейін аздап өзгереді.

– Орталықта күндіз ауа температурасы негізінен +10…+20 °C болады.

– Шығыста түнде ауа температурасы 0…+5 °C-тан −1…−6 °C-қа дейін аздап құбылады. Күндіз негізінен +3…+12 °C, таулы аудандарда −2 °C болады.

– Оңтүстікте түнде +2…+7 °C, күндіз +18…+25 °C болады.

– Оңтүстік-шығыста күндіз +10…+18 °C, таулы аудандарда +3…+8 °C болады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар