Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Лувр 15 жылға жабылуы мүмкін

kz.kursiv.media

Лувр 15 жылға жабылуы мүмкін

Әлемдегі ең танымал мұражайлардың бірі, Париждегі Лувр жабылуы мүмкін. Мұражай директоры Кристоф Лерибо осындай мәлімдеме жасап, ғимаратқа шұғыл түрде күрделі жөндеу қажет екенін ескертті деп жазады Kursiv Media.

Париж символына айналған тарихи кешенді сақтап қалу үшін «Луврдың жаңа өрлеуі» деп аталатын ауқымды жоба әзірленген. Мамандардың бағалауынша, қайта жаңғырту жұмыстары толық аяқталу үшін кемінде 15 жыл уақыт кетеді.

Мұражай басшылығының дерегінше, әйгілі мұражайдың халі мүшкіл. Луврдың басты кіреберісі саналатын әйгілі әйнек пирамида арқылы жылына 9 миллион адамды өткізу мүлдем мүмкін болмай қалған. Келушілер ағыны инфрақұрылымға үлкен салмақ түсіріп жатыр. Ауа райының өзгеруі мен цифрлық шабуылдар да мұражай экспонаттарына үлкен қауіп төндіріп тұр.

Қазір уақытта мұражайда шұғыл жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосымша бейнебақылау камералары орнатылып, сыртқы қоршаулар нығайтылып жатыр. Дегенмен Кристоф Лерибоның айтуынша, егер ғимаратқа толық жөндеу жұмысын жүргізбесе, Лувр беделінен айырылып, келушілерді қабылдай алмауы әбден ықтимал.

Ауқымды қайта құру жобасын бастау туралы шешімді 2027 жылғы президенттік сайлаудан кейін құрылатын Францияның жаңа үкіметі қабылдауы тиіс. Мұражай директоры ел билігін бұл маңызды мәселені кейінге қалдырмай, бірден қолға алуға шақырды.

2025 жылы орын алған тонау оқиғасынан кейін галереядағы зергерлік бұйымдар уақытша басқа, қауіпсіз жерге көшірілді. Олар жаңа, берік витриналар орнатылған соң ғана өз орнына қайтарылады.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар