Николас Мадуроны саяси қарсыластарын азаптады деп айыптап отыр
Нью-Йоркте Венесуэланың бұрынғы президенті Николас Мадуро мен оның жұбайы Силия Флореске қатысты сот отырысы өтіп жатыр. Прокурорлар экс-басшыға саяси қарсыластарын азаптады деген жаңа айып тақты деп жазады Kursiv Media.
Сот отырысына ерлі-зайыптылар түрме киімін киіп, аяқтарына кісен салынып, бірақ қолдарына кісенсіз келді. Николас Мадуро тағылған айыптардың жалған екенін мәлімдеді. Силия Флорес те өз кезегінде тағылған кінәні мойындамайтынын айтып, толықтай жоққа шығарды.
Америкалық прокурорлардың айыптау қорытындысына сәйкес, Николас Мадуро саяси оппоненттерін қуғындау жүйесін басқарған. Тергеу мәліметтері бойынша, бұл жүйеде тұтқындарды ұрып-соғып, тұншықтырып, электр тоғымен азаптаған. Зардап шеккендердің арасында АҚШ-тың үш азаматы да бар. Сондай-ақ тергеу Мадуроның азаптау тәсілдерін өзі ұсынғанын, тұтқындардың жағдайын бақылап отырғанын және қысым көрсету үшін ұсталғандардың бірінің баласын өлтірем деп қорқытқанын алға тартады. Ал оның жұбайы осындай репрессивті жүйені құруға көмектесіп, жекелеген адамдарды азаптауға бұйрық берді деп айыпталып отыр.
Егер ерлі-зайыптылардың кінәсі барлық тармақ бойынша дәлелденсе, оларды кемінде 50 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
- Соңғы
-
-
-
- Қазан, 15
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
-
Күнделікті жаңалықтар
16 қазан 2026