Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Ыстанбұлда қолайсыз ауа райына байланысты екі әуежай жұмысы бұзылды

kz.kursiv.media

Ыстанбұлда қолайсыз ауа райына байланысты екі әуежай жұмысы бұзылды

Ыстанбұлда қатты жел мен қолайсыз ауа райына байланысты екі әуежайдың жұмысы бұзылды. Соның салдарынан ондаған ұшақ басқа әуежайларға бағытталды, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Түркияның Көлік және инфрақұрылым министрлігі мәліметіне сүйенсек, 14 қазан, сәрсенбі күні Ыстанбұл әуежайларына қона алмаған 46 ұшақ Түркияның басқа қалалары мен шетелдегі қосалқы әуежайларға жіберілді.

Ведомствоның дерегінше, Ыстанбұл әуежайына бағыт алған 43 ұшақ басқа әуежайларға қонуға мәжбүр болған. Оның ішінде 16 рейс Анкараға, 10 рейс Измирге, сегіз рейс Ыстанбұлдағы Сабиха Гөкчен әуежайына бағытталды. Қалған ұшақтар Балыкесир, Чанаккале және Анталья қалаларына жіберілді.

Түркиядан тыс жерлерде Болгарияның Бургас, Иранның Тегеран және Грекияның Афина қалаларындағы әуежайлар қосалқы қону орны ретінде пайдаланылды.

Қолайсыз ауа райы Сабиха Гөкчен әуежайының жұмысына да әсер етті. Қатты жел мен желдің бағытының күрт өзгеруіне байланысты ұшақтарды қондыру уақытша тоқтатылды. Ал сағат 21:42-ден бастап әуе кемелерінің ұшып шығуына шектеу қойылды. Қона алмаған үш ұшақ Анкара әуежайына бағытталды.

Министрліктің мәліметінше, Сабиха Гөкчен әуежайында ұшақтарды қабылдау және жөнелту жұмыстары сағат 22:02-де қайта жанданды.

Еске салайық, бұған дейін Ыстанбұлда нөсер жауын салдарынан көшелер мен тұрғын үйлерді су басып, мектептердегі сабақтар тоқтатылғаны хабарланған еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар