Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

kz.kursiv.media

Тоқаев Қатар әмірімен кездесті

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бакуде өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің саммиті аясында Қатар Мемлекетінің Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті, деп хабарлайды Kursiv.Media.

Кездесуде тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, Қазақстан мен Қатар арасындағы жан-жақты серіктестікті нығайтуға, бірлескен инвестициялық және энергетикалық жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды.

Сонымен қатар мемлекеттер басшылары халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер бойынша пікір алмасты. Әңгіме барысында Таяу Шығыстағы ахуал да талқыланды.

Айта кетейік, осыған дейін Тоқаев Әзербайжанда өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) VII саммитінде сөз сөйлеген еді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
15 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар