Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Санжар Боқаевтың соты басталды, судья қатысушыларға ескерту жасады

kz.kursiv.media

Санжар Боқаевтың соты басталды, судья қатысушыларға ескерту жасады

Алматы қаласының Алмалы аудандық сотында «ҚазТрансГаз» ҰК АҚ басшысының бұрынғы кеңесшісі Санжар Боқаевқа қатысты қылмыстық істі қарау басталды. Бұл туралы Kursiv Media хабарлайды.

Сот отырысында судья Жанат Әбенова процеске қатысушыларға сот тәртібін түсіндіріп, сот төрелігіне қысым көрсетуге жол берілмейтінін ескертті. Сондай-ақ журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларын істің мән-жайына қатысты тексерілмеген ақпарат таратпауға және қоғамдық пікір арқылы сотқа ықпал етпеуге шақырды.

Сот процесінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін БАҚ өкілдері мен тыңдаушыларға арналған бөлек залда отырыстың тікелей көрсетілімі ұйымдастырылған. Ал сот залында ұялы телефон арқылы түсірілім жасауға, дыбыс және бейнежазба жүргізуге, сондай-ақ трансляция жасауға тыйым салынған.

Сот отырысында судья Жанат Әбенова сот билігінің тәуелсіздігін атап өтіп, соттың тек Конституция мен заңға бағынатынын ескертті. Оның айтуынша, қаралып жатқан істің мән-жайына қатысты БАҚ пен әлеуметтік желілерде жарияланатын пікірлер сотқа қысым ретінде бағалануы мүмкін. Судья журналистер мен интернет қолданушыларын тексерілмеген ақпарат таратпауға және қоғамда алдын ала теріс пікір қалыптастырудан аулақ болуға шақырды.

Сот тәртібін бұзған немесе судьяның өкімдеріне бағынбаған адамдар залдан шығарылып, заңға сәйкес жауапқа тартылуы мүмкін.

Еске салайық, Санжар Боқаевқа бірқатар қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айып тағылған. Іс Қылмыстық кодекстің 190, 188, 2018, 340 және 274-баптары бойынша қаралып жатыр.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар