Аптасына 923 рейс: биыл Қазақстаннан қай елдерге жаңа рейстер ашылды
Биыл Қазақстаннан 15 шақты елге жаңа рейстер ашылған. Бұл жайлы көлік министрлігі Kursiv.media тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады.
2026 жылы Қазақстаннан Ереван, Ларнака, Гуанчжоу, Ұлан-Батыр, Батуми, Шанхай, Баку, Варшава, Ташкент, Орынбор, Измир, Үргеніш, Чунцин, Ханой және Прага қалаларына әуе рейстері ашылып, кейбір бағыттар қайта жанданды.
Жыл соңына дейін Шымкент – Санья – Сингапур, Орал – Мәскеу, Астана – Инин және Алматы – Токио бағыттары бойынша жаңа рейстер ашу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар Париж, Вена, Рим және Нью-Йорк қалаларына рейстер ашу мәселесі пысықталып жатыр. АҚШ-қа әуе қатынасын іске қосу үшін тиісті рұқсаттар алу және әуе кемелерін жеткізу қажет.
Бұдан бөлек министрлік Қазақстан мен Швейцария арасында тікелей әуе қатынасын ашу мәселесі де қарастырылып жатқанын жеткізді. Алайда тұрақты рейстердің іске қосылуы әуе компанияларының қызығушылығы мен нарық сұранысына байланысты.
Ішкі бағыттар бойынша жыл басынан бері жеті жаңа рейс ашылған. Қазір Қазақстанда аптасына 923 рейс 65 бағыт бойынша әуе тасымалын жүзеге асырады.
Тағы да оқыңыз: Flydubai Алматы мен Дубай арасында жүк тасымалдай бастады
- Соңғы
Күнделікті жаңалықтар
16 қазан 2026