Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Алматыдағы екі ХҚКО 19 қазаннан бастап жаңа мекенжайда жұмыс істейді

kz.kursiv.media

Алматыдағы екі ХҚКО 19 қазаннан бастап жаңа мекенжайда жұмыс істейді

ё19 қазаннан бастап Алматыдағы №3 мамандандырылған ХҚКО мен Көші-қон қызметтері орталығы жаңа мекенжайда жұмыс істейді деп жазады Kursiv Media.

Аталған орталықтар Алматы қаласы, «Адем» сауда үйі, Солтүстік айналым көшесі, 3Б мекенжайында қызмет көрсетеді. Бұған дейін №3 мамандандырылған ХҚКО Құлжа тасжолы, 9К мекенжайында, ал Көші-қон қызметтері орталығы Құлжа тасжолы, 9К/1 мекенжайында орналасқан еді.

Жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін. Сенбі және жексенбі – демалыс күндері.

Мамандандырылған ХҚКО-да тұрғындар көліктерін тіркей алады. Сонымен қатар жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық және практикалық емтихандар тапсыруға жағдай жасалады. Ол үшін арнайы емтихан сыныбы ашылып, практикалық сынаққа арналған автодром салу жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды онлайн тапсыруы мүмкін

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар