Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Қазақстандықтар 9 айда қандай компаниялардың акцияларын сатып алды

kz.kursiv.media

Қазақстандықтар 9 айда қандай компаниялардың акцияларын сатып алды

Қазақстанның бағалы қағаздар нарығы 2026 жылдың 9 айында тарлықтай жандана түсті. Жыл басынан бері Қазақстан қор биржасындағы (KASE) негізгі индекске енетін он ірі компанияның жетісінің акциясын қымбаттаған. Ал биржадағы акциялар нарығының жалпы құны (капитализациясы) 23,1%-ға өсіп, 48,0 трлн теңгеге (109,3 млрд доллар) жетті.

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша ең жоғары өсімді мұнай-газ саласының алыптары көрсетті. Көш басында «ҚазМұнайГаз» тұр. Компанияның жай акциялары 64,8%-ға бір-ақ секіріп, бір акция бағасы 35 800 теңгеге жуықтады.

Бұған өндірістік табыстың артуы себеп болды: жылдың алғашқы жартысында компанияның таза пайдасы 69,1%-ға өсіп, 903,8 млрд теңгені құрады.

Екінші орында — «ҚазТрансОйл». Серіктестік акциялары 37,4%-ға қымбаттады (1 305 теңге). Компания алты айда таза пайдасын 33,4%-ға өсіріп, 29,4 млрд теңгеге жеткізген.

Қаржы және технология секторындағы компаниялар да тоғыз айды оң нәтижемен аяқтады.

Себебі бұл бағыттағы компаниялардың да көрсеткіштері жоғары болды. Kaspi.kz акциялары 6,2%-ға өсіп, 42 880,78 теңгеге жетті. Оның үстіне компания екінші тоқсан үшін әр акцияға 1 000 теңгеден дивиденд төлеуге шешім қабылдады. Одан кейін «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының жай акциялары 4,7%-ға қымбаттап, 29 380 теңгені құрады.

Ал «Банк ЦентрКредит» бағасы 4,0%-ға артып, 4 845,99 теңгеге дейін көтерілді. Өз кезегінде «Қазақтелеком» акциялары 2,7%-ға өсіп, 44 548,01 теңгеге жетті. Сондай-ақ Қазақстан Халық Банкінің (Halyk Bank) акциялары 1,3%-ға өсіп, 376,30 теңге болды. Банк ұжымы акционерлерге 2025 жыл үшін бір акцияға 28,09 теңгеден дивиденд бөлді.

Дегенмен нарықта бағасы төмендеген компаниялар да бар. Алдымен «KEGOC» акциялары 2,4%-ға арзандады. Одан кейін «Кселл» көрсеткіші 6,5%-ға төмендеді. Ал ең «Эйр Астана» акциялары биыл 26,4%-ға арзандап кетті.

Тоғыз айда акциялар секторындағы сауда-саттық көлемі 292,0 млрд теңгеге жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға өсті. Ең қызығы – бұл сауда-саттықтың жартысынан астамын (51,7%) қарапайым азаматтар, яғни жеке инвесторлар жасаған. Брокерлік ұйымдардың үлесі 18,0%-ды, ал шетелдік инвесторлардың қатысуы 10,0%-ды құрады.

Жалпы, KASE Индексі жыл басынан бері 10,9%-ға өсті. Тіпті 28 тамызда биржа тарихындағы ең жоғары рекорд көрсеткіш (8 131,71 тармақ) тіркелді. Оның ішінде отандық инвесторлар ең көп саудалаған актив – «Қазақстан Халық Банкінің» акциялары (45,8 млрд теңге).

Халықаралық гиганттардың акциялары сатылатын KASE Global секторында сауда көлемі 2,4 есеге өсіп, 232,9 млрд теңгеге жетті.

Қазақстандықтар тарапынан ең үлкен сұранысқа ие болған үш шетелдік актив:

Бұл секторда да қарапайым жеке инвесторлардың үлесі жоғары: сауданың 30,0%-ы соларға тиесілі болды.

Жақынша қор биржасы)2026 жылғы 4 қарашадан бастап индексті есептеу үшін қолданылатын акциялардың жаңа тізімін бекіткен Алайда индекс құрамындағы компаниялар өзгеріссіз қалды.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар