Біздің веб-сайт шолу тәжірибеңізді қамтамасыз ету үшін cookie файлдарын пайдаланады және тиісті ақпарат. Біздің веб-сайтты пайдалануды жалғастырмас бұрын, сіз Cookie саясатымен және құпиялылығымен келісесіз және қабылдайсыз. cookie файлдары және құпиялылық.

Салық төледім екен деп, жәрдемақы талап ету дұрыс емес – Ербол Тұяқбаев

kz.kursiv.media

Салық төледім екен деп, жәрдемақы талап ету дұрыс емес – Ербол Тұяқбаев

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ербол Тұяқбаев салық төлегендердің барлығы жәрдемақы алуға үміттенбеу керегін айтты, деп хабарлайды Kursiv.media.

«Жұмыс істемей жүргендер жәрдемақыдан қағылып, жұмыс істегендер төлемдерді алып жүреді деген сөз емес. Салық төлеуді адам депозит ретінде қарастыру керек. Яғни, «салық төледім екен» деп, «маған жәрдемақы беріңдер» деген сөз дұрыс емес. Жәрдемақылар тек мұқтаж жандарға ғана бағытталады. Мұқтаждығына байланысты адамдар толық көмекті мемлекеттен алады»,- деді ол.

Вице-министрдің айтуынша, санаттарды белгілеу кезінде жүйеде ақау шықса, egov.kz немесе 1414 нөміріне хабарласып мәселені шешуге болады.

«Жүйеде қате кетіп, төлем алушы біздегі ақпаратпен келіспесе, ақпаратты ұсынып жылдам түзетуге болады. Төлем алатын адам 2-3 ай жәрдемақысыз жүретін жағдай болмайды. Себебі жүйедегі ақпарат ай сайын жаңартылып отырады»,- деді Тұяқбаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Брифингте еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев ана мен балаға қатысты жәрдемақыдан кімдер қағылатынын түсіндірді.

  • Соңғы
Басқа жаңалықтар

Күнделікті жаңалықтар

Бүгін,
16 қазан 2026

Тақырып бойынша жаңалықтар

Басқа жаңалықтар